jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қамауда 15 тәулік заңсыз отырған павлодарлық полициядан 30 млн теңге талап етті

    Түрме
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Павлодарда полицейлер ұстаған және денесінде есірткі заттарының бар екендігі анықталған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды. Ол сондай-ақ 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды. Қамауда отыруға мәжбүр болған ер адам кейін тыйым салынған ештеңе қолданбағанын дәлелдеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар қалалық сотының шешіміне сілтеме жасай отырып.

    Полицейлер павлодарлықты 2022 жылдың 15 маусымында ұстаған. Сол күні олар зерттеулер жүргізіп, жүргізушінің денесінде есірткінің бар-жоғын анықтайды. ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды ("Көлік құралын есірткіге мас күйінде басқару"). Ер адам сотқа тартылды.

    Зерттеу материалдары мен нәтижелеріне сүйене отырып, сот оны 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім шығарды.

    Алайда қала тұрғыны бұл шешімге келіспей, тыйым салынған ештеңе қолданбағанын айтты.

    Әйелінен тағы бір зерттеу үшін ақы төлеуді сұрайды, бірақ оны қамауға алып кетеді. Жүргізуші бостандыққа шыққан кезде оның денесінде психотроптық заттар жоқ екендігі көрсетілген жаңа нәтижелер шығады. Іс қайта қаралып, тіпті оған жүргізуші куәлігі қайтарылды.

    15 күн қамауда заңсыз отырған ер адам полицияны жауапқа тартуға шешім қабылдады. Ол сотқа шағым түсіріп, 30 миллион теңгеге бағаланған моральдық залалды өтеуді талап етті.

    "Қаржы министрлігіне, "ІІМ Павлодар облысының полиция департаменті" ММ, ІІМ моральдық зиян мен залалдың өтемақысын өндіріп алу туралы талап ішінара қанағаттандырылсын. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасынан талапкердің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен 300 мың теңге өндіріп алынсын", – делінген Павлодар қалалық сотының шешімінде.

    Сондай-ақ сот ер адамға сараптама жүргізуге жұмсаған 90 мың теңгені төлеуге міндеттеді.

    Қамауда 15 тәулік заңсыз отырған павлодарлық полициядан 30 млн теңге талап етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.