jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Іздеудегі екі қазақстандық Қырғызстанмен шекарада ұсталды

    Қырғызстанмен шекарада ұсталған азамат
    Шекарада ұсталған азамат. Фото: ҰҚК-нің Шекара қызметі

    Қылмыстық әрекеті үшін іздеуде жүрген екі қазақстандық елдің Қырғызстанмен шекарасында ұсталды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайты хабарлайды.

    Ведомствоның хабарлауынша, сәрсенбі, 1 наурыз күні ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл бойынша департаментінің әскери қызметшілері "Айша бибі" өткізу бекетінде Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстаған.

    Ал бұдан бір күн бұрын "Сортөбе" шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өту мақсатымен мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болған халықаралық іздеудегі тағы бір Қазақстан азаматын ұстаған.

    Ұсталғандар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылған.

    "Шекара қызметінің басшылығы заң бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен өжеттілігі мен шеберлігі үшін ерекшеленген шекарашыларды марапаттау сұрағын қарастыруда", – делінген хабарламада.

    Іздеудегі екі қазақстандық Қырғызстанмен шекарада ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.