jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Оралда судья жұмыс орнында қайтыс болды

    Нұрлан Губашев
    Нұрлан Губашев, Фото: facebook.com/nurlangubashev

    Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Губашев жұмыс орнында қайтыс болды. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство ақпаратынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

    "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қоңырау 09:48-де келіп түскенін хабарлады. 1968 жылы туған ер адам жұмыс орнында кенеттен жағдайы нашарлаған", - деп жазылған басылымда.

    Жедел жәрдем шақырған адамның айтуынша, ол қырылдап, есінен танып құлаған.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов та жұмыс орнында қайтыс болғанын хабарлаған едік.

    Оралда судья жұмыс орнында қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.