jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда 35 жастағы ер адамды пышақтап кетті

    Пышақ. Көрнекі фото
    Пышақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда 35 жастағы ер адамды пышақтап кеткен. Жағдайға қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға кеше, 14 наурыздан 15 наурызға қараған түні Алматы қаласы Самал-3 ықшамауданындағы балалар ойын алаңында болған. Марқұм тұрғын үйдің терезелерінің астынан, орындықтардың жанынан табылған.

    Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

    Фактіні қазір Медеу аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.

    "Алдын ала мәлімет бойынша алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан 35 жастағы ер адамды танысы пышақтап кеткен. Күдікті 2001 жылы туған Д. есімді азамат, ол ізін суытпай ұсталды", – делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Сонымен қатар полиция күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді.

    Алматыда 35 жастағы ер адамды пышақтап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.