jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Өскеменде хайуанаттар бағында 10 жасар қызды қасқыр тістеп алды

    Ит құс
    Қасқыр. Көрнекі фото: pixabay.com

    Өскемендегі хайуанаттар бағында қасқыр он жасар қызды тістеп алды. Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қыздың ата-анасының мәліметінше, 11 наурызда жыртқышты сипамақ болған кезде, ол 10 жасар қыздың саусағын тістеп алған, деп жазады YK-news.kz.

    Зардап шеккен баланың ата-анасы хайуанаттар бағы қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейтуі керек деп санайды.

    Ал өз кезегінде хайуанаттар бағы қызметкерлері тістеген сәтті көрмегенін айтты.

    "Оқиғадан кейін ата-ана әкімшілікке де, күзетке де хабарласпады. Біз сол жерде жедел жәрдем шақыратын едік. Сонымен қатар, біз қызметкерлерді оқыттық және кез келген жағдайда көмек көрсетеміз. Олар полицияға да дереу арыз жазбады", - деді облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафттық мұражай қорығының фауна және өңір бөлімінің биологы Юлия Павленко.

    Оның мәліметінше, хайуанаттар бағында үш қасқыр бар және олардың әрқайсысы күшейтілген қорғаныстағы қоршауда орналасқан.

    Басылымның хабарлауынша, жәбірленушінің анасы хайуанаттар бағы қызметкерлерің үстінен шағымданып, арыз түсірген.

    Осы орайда полиция өкілдері оқиғаға қатысты қылмыстық құрамның жоқ екенін атап өтті. Осыған байланысты тәртіп сақшылары арызданушыға жеке сотқа жүгінуді ұсынған.

    Басылым мәліметінше, хайуанаттар бағында келушілер үшін белгілі бір тәртіп ережелері бар және ескерту белгісі де ілулі тұр.

    Өскеменде хайуанаттар бағында 10 жасар қызды қасқыр тістеп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.