jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда комиссия мүшесі жұмыстан шеттетілді: ол бір сайлаушыға екі бюллетень берген

    Сайлау учаскесі
    Сайлау учаскесі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде заң бұзушылық тіркелді. Сайлау комиссиясының мүшесі бір сайлаушыға екі бюллетень беріп, нәтижесінде жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, №492 сайлау учаскесінде сайлаушыға екі бюллетень берілген. ОНың бірі сайлау участогына келмеген әйеліне арналған. Оқиғаны бақылаушылар жазып алған.

    "№492 сайлау учаскесінде сайлаушыға екі бюллетень беру фактісі тіркелді – дауыс берушінің өзіне және әйелінің бюллетені. Бұл ретте оның жұбайы болмаған. Мұны қатысып отырған бақылаушылар тіркеп, сайлау комиссиясының мүшесінен түсіндірме алды. Ол қателесіп екі бюллетень бергенін растады. Осыған байланысты комиссия мүшесі дереу жұмыстан шеттетілді", – деп хабарлады АСК.

    Алматыда комиссия мүшесі жұмыстан шеттетілді: ол бір сайлаушыға екі бюллетень берген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.