jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда басы кесілген әйелдің денесі табылды: полиция қылмыскерді іздестіруде

    Қылмыс орны
    Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматы қаласының полициясы басы кесілген әйелді өлтірген адамды іздестіруде, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы.

    Полицияның мәліметінше, 12 сәуір сағат 08:40-те 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ақпарат расталған.

    Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы әйелдің басы кесілгенін анықталған. Сонымен қатар оның жеке басы анықталған. Марқұм тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған 1976 жылы туған азаматша болып шыққан.

    Қаза болған әйелдің басы біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен табылған.

    Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша қылмыстық істі тіркеп, қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешенін жүргізуде.

    Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына және Конституция талаптарына сәйкес, қылмыстық іске қатысты өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.

    Алматыда басы кесілген әйелдің денесі табылды: полиция қылмыскерді іздестіруде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.