jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Антикор Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізуде

    Ер адам
    Ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Агенттіктің мәліметінше, тергеу барысында коммуналдық меншікті (сот үкімі бойынша тәркіленген 3 коттедж және 2 пәтер) өткізу тәртібінің бұзылуы анықталған. Яғни бағалау туралы жалған есептер негізінде тікелей үлестес жеке тұлғаларға төмен бағамен сатылғаны анықталған (объектілердің құны бірнеше есе төмендетілген).

    "Олардың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 819 млн теңгені құраған (жылжымайтын мүлік объектілері құнының айырмасы). Тергеу барысында қабылданған шаралардың арқасында залал толығымен өтелді. Тергеу сотының санкциясымен үш күдікті адам үй қамағына алынды", – делінген хабарламада.

    Сондай-ақ агенттік Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны атап өтті.

    "Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі", - деп қосты Антикор өкілдері.

    Антикор Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.