jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте ер адам 18 жастағы жүкті әйеліне қол көтеріп, көшеде қалдырып кеткен

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Шымкентте ер адам жүкті әйеліне қол көтеріп, көшеде қалдырып кеткен. 18 жастағы келіншек қазіргі таңда полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

    Келіншектің айтуынша, алғашында бәрі жақсы болған. Ұрыс-керіссіз, тату өмір сүрген. Кейін күйеуі түрлі себеппен ұра бастайды. Ол соққы салдарынан іштегі баласын да түсіріп алған. 18 жастағы әйел соңғы рет ұрып-соғып, көшеде қалдырып кеткеннен кейін үйіне қайта оралмаймын деп шешкен.

    "Бөлмемде 1-2 киіммен бірге көрпеше бар еді. Соны көріп "неге жатыр" деп  ұрды. Одан кейін сыртқа алып шықты. Сырттан құмалақ жинатып, жегізбекші болды. Көлігіне сүйреп апарды. Қол-аяғымды байлаймын деп, көлікті тоқтатты. Көліктен түсе бергенімде, бірден көлікті жүргізі, мен де көлікпен бірге сүйретіліп біраз жерге бардым. Ішпен құладым, қол-аяғымның бәрі жара болды", – деді жәбірленуші.

    Ал жәбірленушінің анасы қызының бұл жағдайын білмеген.

    "Ұрып-соғып жатқаны туралы дым білген жоқпын. Маған да айтқан жоқ. Қызымның таяқ жеп жүргенін кеше үйге келгенде білдім. Түсік тастағанын да айтпады. Менің қызым қалай таяқ жеп жыласа, күйеу бала да дәл солай жазасын алсын", – деді жәбірленушінің анасы.

    Айта кетейік, арна мәліметінше, жәбірленушінің күйеуі әйелінің сөзін жоққа шығарған.

    "Ұрған жоқпын. Ол арыз жазды ғой. Егер ұрсам, полиция да шара қолданар еді. Ол үйден бір-бірімізді түсіне алмағандықтан кетті", – деді жәбірленушінің күйеуі.

    Қазіргі таңда келіншек полицияға жүгінген. Бұл жағдай қалалық полиция департаментінің қорғау нұсқамасына алынған. Қазір қажетті сараптама тағайындалған.

    "27.03.2023 жылы Шымкент қаласы Самал 3 ықшамауданының тұрғыны күйеуі ұрғаны туралы арыз жазған. Аталған факт бойынша Шымкент ҚПД қарасы Абай АПБ УПИ полиция қызметкері мен қорғау нұсқамасына алынды. Сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін, нақты шешім қабылданады", – деді полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасы ЖПҚБ аға учаскелік инспекторы Бауыржан Қоштаев.

    Шымкентте ер адам 18 жастағы жүкті әйеліне қол көтеріп, көшеде қалдырып кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.