jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Семейде оқушы қыз соққыға жығылды

    соққы
    Көрнекі фото: pexels.com

    Семей қаласында оқушы қыз соққыға жығылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.

    Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында видео анықтаған. Онда оқушы қыздардың өзге қызға дене жарақатын салып жатқаны бейнеленген.

    "Оқиға 10 сәуір күні Семей қаласында болған.

    15 сәуір осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Жанжалдың барлық қатысушысы анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

    Қазіргі кезде ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

    Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

    Семейде оқушы қыз соққыға жығылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.