jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысында 8-сынып оқушысы мен мұғалім төбелесіп қалды

    Мұғалім
    Мұғалім. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жетісу облысында оқушы мұғаліммен жаға ұстасып қалды. Бұл ақпаратты өңірдің прокуратурасы растап отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

    Оқиға Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласындағы мектептердің бірінде 14 сәуірде болған.

    "Сабақ арасындағы ұзақ үзіліс кезінде мұғалім мен оқушы арасында кикілжің туындаған. Ұстаз оқушыға ескерту жасаған, ал бұл жайт балаға ұнамаған көрінеді. Мұғалім аурухананың көмегіне жүгінбеген, полиция қызметкерлеріне арыз жазудан бас тартқан. Ауданның прокуратурасы барып, мектепте профилактикалық жұмыс жүргізді. Ал оқушының ата-анасы баласын басқа аудандағы мектепке ауыстыру жөнінде шешімге келді. Жауапты мекемелер оқиғаны қадағалауға алды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, мұғалімге жұдырық ала жүгірген оқушы 8-сыныпта оқиды.

    Жетісу облысында 8-сынып оқушысы мен мұғалім төбелесіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.