ШҚО-да көші-қон бастығы шетелдіктердің елде жүріп-тұру мерзімін ұзарту үшін пара алған
Опубликовано:
Шығыс Қазақстан облысында көші-қон қызметінің бастығы шетелдіктердің елде болу мерзімін ұзарту үшін олардан пара алып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметінше, көші-қон саласындағы талдау барысында бірқатар заңбұзушылық анықталған.
"Атап айтқанда, жұмыс визасын алу және шетелдіктердің жүріп-тұру мерзімін ұзарту кезінде пара алынғаны белгілі болды. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылды", – дейді департамент басшысы Денис Шакенов.
Өскемен қалалық сотының шешімімен айыпталушыға 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарда өмір бойы жұмыс істей алмайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2017135-sqo-da-kosi-qon-bastygy-seteldikterdin-elde-zurip-turu-merzimin-uzartu-usin-para-algan/