jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "АрселорМитталТеміртау" заңгерінің өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды

    күдікті
    Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "АрселорМитталТеміртау" заңгерінің өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.

    Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары анықталып, ұсталған.

    Күдіктілер 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел.

    "Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

    Айта кетелік, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің денесі табылған болатын.

    Марқұм "АрселорМитталТеміртау" АҚ-ның заңгері болып шықты.

    Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабына ("Адам өлтіру") сәйкес қылмыстық іс қозғалған еді.

    "АрселорМитталТеміртау" заңгерінің өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.