jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Айлығымыз 70 мың теңге": Жамбыл облысында жол жөндейтін компания жұмысшылары жанайқайын айтты

    Меркі ауданы Тұрар Рысқұлов ауылындағы жұмысшылар
    Жамбыл облысында жол жөндейтін компания жұмысшылары. Фото: NUR.KZ / Дана Мұхарбек

    26 сәуір күні Жамбыл облысында тағы да жол бойында шу шықты. Бұл жолы Меркі ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы маңындағы жол жөндейтін қытайлық компания жұмысшылары жанайқайын жеткізген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Наразылық білдіргендер айлықтың аздығын айтып, оны көтеруді талап етті. Айтуларынша, 70 мың теңгенің айналасындағы айлық 4 жылдан бері көтерілмей келеді. Олар осы мәселе бойынша қытайлық компания өкілдерінің шығуын талап етті. Бірақ ашулы жұмысшыларға аудан атқамінерлері басу айтып, таратуға тырысты.

    "50 шақты жұмысшы жалақыны 30 пайызға көтеру мәселесі бойынша жиналған. Аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы жиналғандармен түсіндірме жұмысын жүргізіп, жұмыскерлер тарады. Қазіргі таңда жағдай бірқалыпты", - дейді Меркі әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Әкімдік тарапы бұл бір-екі белсендінің ұйымдастыруымен болған наразылық деп санайды. Рұқсат етілмеген жиынға адамдарды шақырған жұмысшылар анықталу үстінде.

    "Наразылық білдіруші азаматтардың айтуынша қытайлық компания биыл сәуірде жалақы көтеруге шешім қабылдайтындығын жеткізген, алайда бүгінде жалақы көтеру мәселесі шешілмеген. Жиынды ұйымдастырған тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, содан кейін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады", - делінген әкімдік мәлімдемесінде.

    Айта кетейік, компания жұмысшылары былтыр сәуір айында да бірнеше рет айлық мәселесін айтып жиналған болатын. Бүгінде компания филиалы Меркі-Шу-Бұрылбайтал тас жолында жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Құрамында 219 адам жұмыс атқарады.

    Автор: Дана Мұхарбек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.