jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Бас прокуратура: Күдебаевтың қол астындағылар оның көзінше адамдарды азаптап, ұрып-соққан

    Серік Күдебаев
    Серік Күдебаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Бүгін Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа сот үкімі шықты. Бас прокуратура өзінің Telegram арнасында Күдебавтың не үшін сотталғанын түсіндірді.

    Сот үкімімен Күдебаев "Қаңтар оқиғалары" кезінде ауыр зардаптарға (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) және азаптауларға (146-бабы 2-бөлігі) әкеп соққан билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Бұрынғы полиция қызметері 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді және полиция генерал-майоры арнайы атағынан айырылды.

    Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Күдебаев Конституцияның, мемлекет басшысының "Төтенше жағдай енгізу туралы" жарлығының, "Құқық қорғау қызметі туралы" және "Ішкі істер органдары туралы" заңдарының нормаларын бұзып, сондай-ақ ведомствоішілік бұйрықтар мен арнайы жоспарлардың талаптарын орындамаған.

    "Шабуыл белгілері болмаған жағдайда, төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің орнына, С.М. Күдебаев жеке құрамға ғимараттан кетуге және үйлеріне тарауға заңсыз бұйрық беріп, қызметкерлердің райын қайтарған.

    Жергілікті жердің коменданты ретінде жедел штабтың тиісті жұмысын және аймақтағы жағдайды тұрақтандыру бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етпеген.

    Нәтижесінде Талдықорған қаласында хаос пен биліксіздікке жол берді. Тонаушылар сауда үйлері мен бизнес нысандарын тонады. Банкоматтар мен супермаркеттердің дүңгіршектерін қиратып, облыс әкімдігі, "Нұр Отан" партиясы (қазіргі Amanat партиясы - ред.) ғимараттарына шабуыл жасап, өртеді", - делінген хабарламада.

    Құзырлы органның мәлімдеуінше, тәртіпсіздіктерге қатысушылар құқықтық тәртіп күштерінің жоқтығын, жазасыздықты сезініп, облыс полиция департаменті мен Талдықорған қаласы полиция басқармасының ғимараттарын басып алған. Ведомство ақпаратынша, ғимараттардан 500-ге жуық қару мен 28 мыңнан астам оқ-дәрі ұрланған, олардың бір бөлігі әлі табылған жоқ.

    "Мемлекетке, азаматтарға және кәсіпкерлерге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 5 млрд теңгені құрады.

    2022 жылғы 7-16 қаңтар аралығында оның үнсіз келісімімен Полиция департаментінің ғимаратында 23 азаматқа қатысты жаппай азаптау қолданылды.

    Сонымен қатар С.М. Күдебаевтың көз алдында оның қарамағындағылар департамент аумағында жеткізілген адамдарды ұрып-соққандығы бейнекамераларға жазылған.

    Психикалық және физикалық зорлық-зомбылықпен, сондай-ақ бу үтікті қолданумен қатар жүретін тыйым салынған тергеу әдістерінің нәтижесінде аталған азаматтардың денсаулығына әр түрлі дәрежедегі зиян келтірген", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

    Сонымен қатар ведомство Күдебаевтың кінәсі қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығымен толық дәлелденгенін атап өтті.

    Бас прокуратура: Күдебаевтың қол астындағылар оның көзінше адамдарды азаптап, ұрып-соққан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.