Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткен
Опубликовано:

Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, алдау арқылы ұялы телефонын алып кеткен, деп хабарлайды Қазақстан ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы арнасында.
Ведомство мәліметінше, Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған.
"Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған", - дейді аудандық полиция бөлімінің өкілдері.
ІІМ қылмыстық қодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.
Ведомство ақпаратынша, 80 жастағы ер адам ұсталып, ол өзінің кінәсін толық мойындаған. Сонымен қатар қариядан үялы телефон тәркіленген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2020587-zambyl-oblysynda-80-zastagy-qariya-5-zasar-qyzga-alma-berip-uyaly-telefonyn-alyp-ketken/