jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Бетін талап тастаған": Қостанай облысында үш жасар қызға питбуль шабуыл жасады

    Питбуль
    Питбуль. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде үш жасар қызға питбульдің шабуыл жасағаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция бүлдіршінге иттің шабуыл жасағанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасына сілтеме жасап.

    Үш жасар қызға ит шаубыл жасағаны туралы ақпарат Telegram-дағы EGOV. PRESS арнасында жарияланды.

    Хабарламада автор оқиғаның Тобыл қаласында болғанын атап өткен. Сондай-ақ жарияланымда питбуль тұқымдас иттің үш жасар қыздың бетін талап, бүлдіршіннің ауруханаға ауыр жағдайда түскені айтылған.

    Автордың жазуынша, ерні мен беті жыртылған қыз балаға шұғыл түрде хирургиялық ота жасалған, қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

    Желіде тараған бұл ақпаратқа қатысты Қостанай облысының полиция департаменті пікір білдіріп, Тобыл қаласында үш жасар қызға иттің шабуыл жасағаны туралы фактіні растады.

    Полицияның мәліметінше, аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 114-бабы "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Ит иесі анықталған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.