jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жерге құлатып, алтын сырғасын шешіп алған": Оралда ер адам күш көрсетіп, әйелді тонап кетті (видео)

    әйелді тонап жатқан күдікті
    Оралда әйелді тонап жатқан күдкті. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Орал қаласында таңғы уақытта 30 жастағы әйелге шаубыл жасап, тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Қазақстан ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында.

    Құзырлы органның мәліметінше, Орал қаласында таңғы уақытта Омега жол көпірінің астынан өтіп бара жатқан 30 жастағы әйелге күтпеген жерден ер адам шабуыл жасаған. Белгісіз ер адамның әрекеті бейнебақылауға түсіп қалған.

    "Әйел қашып кетуге тырысқанымен, қарақшы оны мықтап ұстап, жерге құлатып, алтын сырғаларын, сақиналарын шешіп, телефонын тартып алған. Шығын көлемі - 550 мың теңге", - дейді полиция өкілдері.

    Ведомство хабарлауынша, жәбірленуші полицияға жүгініп, жедел-іздестіру шаралары бірден жүргізілген. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсынылған 15 азаматтың ішінен ол 1971 жылы туған бір ер адамды көрсеткен.

    Полиция күдікті дереу құрықталғанын хабарлады. Сондай-ақ оның бұрын қылмыстыққа жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

    "Жерге құлатып, алтын сырғасын шешіп алған": Оралда ер адам күш көрсетіп, әйелді тонап кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.