jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Балқашта сабақ үстінде ойнамақ болған 8-сынып оқушысы жедел қызмет өкілдерін әбігерге салды

    Телефон ұстаған ер адам
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Балқаш қаласында сегізінші сынып оқушысы мектепте террористер жүргенін айтып, полицейлерді әбігерге салды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    "Бүгін Балқаш қаласының полиция бөлімшесіне белгісіз адам хабарласып, мектептердің бірінде террористердің жүргендігі туралы айтқан. Оқиға орнына полиция органдарының жедел-тергеу тобы мен өзге де жедел қызмет өкілдері жетті. Абырой болғанда, ақпарат расталмады", – деді ІІМ экстремизмге қарсы күрес департаментінің бірінші басқарма бастығы Алмас Талқанбаев.

    Тәртіп сақшылары мектептің сегізінші сынып оқушысын анықтады. Ол дене шынықтыру сабағында өзінің сыныптасының телефонын алып, ойын ретінде полицияға террористер туралы көрінеу жалған ақпарат берген.

    Оқушы ата-анасымен және мектеп қызметкерлерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін баланың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

    Айта кету керек, мұндай шақыртуларға барлық шұғыл қызметтердің мамандары жұмылдырылады. Мемлекеттік бюджетке үлкен шығын келтіріледі.

    "Бұл жағдайда ішкі істер органдары жалған шақырту салдарынан келтірілген шығынды өтеу бойынша сотқа арыз беретін болады", – деді ведомство өкілдері.

    Балқашта сабақ үстінде ойнамақ болған 8-сынып оқушысы жедел қызмет өкілдерін әбігерге салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.