jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде көшеде полиция формасын киіп жүрген мас әйел ұсталды

    Полиция формасын киген әйел
    Полиция формасын киген әйел. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Ақтөбе қаласында мас әйел полиция формасын киіп, көшеде жүрген. Полицейлер құқық бұзушыны учаскелік пунктке жеткізген, деп хабарлады Polisia.kz Telegram-арнасында.

    Ішкі істер министрлігінің полиция басқармасының жазуынша, 19 мамыр күні жедел басқару орталығының 102 телефонына "Есет батыр" микрорайонында мас күйде полиция қызметкерінің формасын киіп жүрген әйел туралы хабарлама келіп түскен.

    Аталған мекенжайға барған учаскелік полиция инспекторы 29 жастағы әйелді ұстап, учаскелік полиция пунктіне жеткізген.

    "Қазір әйел Қазақстанның ӘҚБтК 440 бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 434 бабы (ұсақ бұзақылық) және 675 бабы (айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша протокол толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Полицейлер әйелдің полиция формасын қайдан алғаны анықталуда.

    Ақтөбеде көшеде полиция формасын киіп жүрген мас әйел ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.