jitsu gif
Оқыс оқиға

    Емтихан жауабын телефонға жіберіп отырған: Түркістанда мұғалімдер жауапқа тартылды

    Тестілеу парағы
    Тестілеу парағы. Көрнекі сурет: pxhere.com

    Түркістан облысында тест жауаптарын телефон арқылы таратқан мұғалімдерге тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

    19 мамыр күні Ордабасы ауданындағы "Тоқсансай" жалпы орта мектебінде мемлекеттік аттестациялау өтті. Аттестациялау барысында мұғалімдер оқушыларға көмектесу мақсатында заң бұзушылыққа барған.

    Атап айтқанда, Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері емтихан кезінде екі оқушының жасырын түрде телефон пайдаланып отырғанын анықтаған. Департамент қызметкерлері оқушылардың телефонын ашып қараған кезде педагогтер дайын жауапты суретке түсіріп, оқушыларға жіберіп отырғаны белгілі болды.

    "Аталған жайтқа байланысты мектептің директоры мен 6 педагог тәртіптік жазаға тартылды. Мұның алдын да «Тоқсансай» жалпы орта мектебі сәуір айында өткізілген мемлекеттік аттестаттаудың нәтижесі бойынша 40 пайыздан төмен көрсеткіш көрсетіп, аттестатталмаған болатын", - деді Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов.

    Емтихан жауабын телефонға жіберіп отырған: Түркістанда мұғалімдер жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.