jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы облысында 4 млн 170 мың теңгенің бұйымын ұрлады деген күдікпен үш жігіт ұсталды

    абақты
    Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы облысында 4 млн 170 мың теңгенің бұйымдарын ұрлады деген күдікпен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Ведомствоның мәліметінше, 7 сәуірде Қонаев ҚПБ-ға Шеңгелді ауылының 55 жастағы тұрғыны үйден алтын бұйымдарын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданды.

    Тергеу-жедел тобы күдіктілердің үйге пластикалық терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 4 млн 170 мың теңге көлемінде ұрлық жасағанын анықтады.

    Дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 3- тармағы бойынша тіркелген.

    "1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер тобы анықталды. Қазір олардың барлығы қамауға алынды.

    Күдіктілер Қонаев қаласының аумағында төрт ұрлық дерегін жасағанын және көршілес өңірдегі үш эпизодты мойындап отыр. Тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.