"10 жылға дейін сотталуы мүмкін": полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілгенін еске салды
Опубликовано:
Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін еске салды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы жазды.
"19 мамырдан бастап "Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді.
Бұл заң бойынша отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін де жауапкершілік күшейтілді", - деп жазады басылым.
Басылым мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 106 (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 107-баптарында (Ауырлығы орташа) "кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау" деген саралау белгілері енгізілген.
Егер бұрын 106-бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделсе, қазір жаза 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды.
Сонымен қатар басылым әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталуы мүмкін екенін де атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2023237-10-zylga-deiin-sottaluy-mumkin-policiya-turmystyq-zorlyq-zombylyq-usin-zaza-kuseitilgenin-eske-saldy/