jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ұлына көмектеспек болған павлодарлық зейнеткер бір қоңыраудан соң 30 мың долларынан айырылды

    доллар ұстаған зейнеткер
    Зейнеткер. Көрнекі фото: RapidEye/Getty Images

    Павлодарда тағы бір алаяқтық оқиғасы тіркелді. 78 жастағы зейнеткер ұлына көмектесу үшін бейтаныс адамдарға 30 мың долларын беріп қойған, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Полицияның мәліметінше, 6 маусым күні 78 жастағы зейнеткердің үй телефонына бейтаныс ер адам қоңырау шалып, оның ұлы жол-көлік оқиғасын жасағанын және 20 млн теңге төлеу қажет екенін айтқан.

    Қоңырау шалған ер адам зейнеткердің үйіне Руслан есімді жігіт келіп, оған зейнеткердің өз еркімен 30 мың доллар (13,5 млн теңге) бергеніне дейін ол тұтқаны қоймаған.

    Зейнеткер Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында тұратын ұлына қоңырау шалған кезде ғана алданғанын түсінген. Ол баласында бәрі жақсы екеніне көз жеткізген соң полицияға хабарласқан.

    Ведомство бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады. Сондай-ақ осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

    Ұлына көмектеспек болған павлодарлық зейнеткер бір қоңыраудан соң 30 мың долларынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.