jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Бұған дейін үйқамақта болған ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

    Ілияс Өсеров
    Ілияс Өсеров. Фото: atameken.kz

    Бұған дейін екі ай бойы үйқамақта болған Ілияс Өсеров Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

    Ақпарат агенттігінің жазуынша, ұлттық экономика министрлігі тергеуге алынған Ілияс Өсеров қызметінен босатылғаны туралы ақпаратты растады.

    Бүған дейін БАҚ-та ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров үй қамаққа алынғаны туралы хабарланған болатын. Алайда Антикор оның нақты қандай күдікке ілінгенін жарияламады.

    Ілияс Өсеров өткен жылы наурызда Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

    Ол қызмет жолын 2007 жылы "Сбербанк" АҚ менеджері, жетекші маманы, одан кейін әкімшісі болып бастаған еді. Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Сауда және экономикалық даму министрлігінде, Алматы қалалық әкімдігінде қызмет атқарған.

    2019 жылдың мамырынан бастап соңғы қызметіне дейін Алматы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

    Бұған дейін үйқамақта болған ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.