jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстанға экстрадицияланды (видео)

    Күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: https://t.me/GenPr

    Бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Құзырлы органнның мәліметінше, Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікке ілінген Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

    Бас прокуратура өкілдері күдікке ілінген азамат қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған соң, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланғанын атап өтті.

    Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген күдікті Грузияда анықталып, ұсталды.

    "Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға әкелді", - делінген хабарламада.

    Бас прокуратура қәзіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

    Құзырлы орган хабарлауынша, жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.