jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау облысында жалған дипломмен сабақ берген мұғалімдер анықталды

    Қолын көтеріп отырған оқушы және мұғалім
    Қолын көтеріп отырған оқушы және мұғалім. Көрнекі фото: getty/stock photo

    Прокуратура Маңғыстау облысының колледждерінде жалған дипломдармен жұмыс жасаған қызметкерлерді анықтады. Тексеріс кезінде жалған құжатты пайдаланудың 8 дерегі белгілі болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

    Бақылау органының мәліметінше, тексеріс кезінде жалған құжатты пайдаланудың 8 дерегі анықталған, яғни Ақтау колледждерінде – 5 оқытушы, Қарақия ауданында – 3 оқытушы жұмыс істеген.

    Прокурорлар барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, материалдарды одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін полиция органдарына жолдаған.

    "Мысалы, құқық бұзушылардың бірі 2 жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.

    Қарақия ауданының соты оны Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауаптылыққа тартты", - деп хабардар етті облыстық прокуратура.

    Облыстық прокуратура ақпаратынша, осы тектес құқық бұзушылық үшін аталған сот сол колледждің басқа екі оқытушысына қатысты үкім шығарып, оларды жұмыстан босатқан.

    Сонымен қатар төрт дерек бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылған.

    Бақылау органының өкілдері бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    Айта кетейік, 2022 жылы прокуратура ұқсас фактілер бойынша 14 қылмыстық іс тіркеген және осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.

    Маңғыстау облысында жалған дипломмен сабақ берген мұғалімдер анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.