jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Кейбіреулері қарумен келген": ҰҚК Өскеменде қылмыстық топтардың текетіресінің алдын алды (фото)

    Ұсталған күдіктілер
    Ұсталған күдіктілер. Фото: ҰҚК

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 15 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топтың жоспарлап отырған кездесуінің жолын кескен.

    "Операция барысында қала кафелерінің бірінде қылмыстық топтың 20-дан аса қатысушысы ұсталды, кейбіреулері бұл жерге қаруларымен келген", - делінген ресми хабарламада.

    ҰҚК қызметкерлерінің күдіктілерді ұстау сәті
    ҰҚК қызметкерлерінің күдіктілерді ұстау сәті. Фото: ҰҚК

    ҰҚК күдіктілерден 2 "Макаров" тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, "тегіс ұңғылы шолақ мылтық", дауыс-жарқылды граната және 2 бірлік суық қару тәркіленгенін атап өтті.

    Ведомство жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатқанын хабарлады.

    Тәркіленген қару-жарақтар
    Тәркіленген қару-жарақтар. Фото: ҰҚК

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.