Оқыс оқиға

Зектілері

Астана соты Гүлмира Сатыбалдыға қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды
Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: КТК арнасы

Бүгін Астана қалалық сотының сайтында Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты үкімнің өзгеріссіз қалғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейінірек елордалық сот бұл ақпаратты жоққа шығарып, ресми сайтты әлдебіреулердің бұзғанын мәлімдеді.

Астана қалалық сотының мәліметінше, шамамен 10 минут бұрын сайтта Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты ақпарат жарияланған. Алайда бұл ақпарат жалған. Себебі әлдебіреулер сайтты бұзып кірген.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Нақты ақпарат алу үшін Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне хабарласуды сұраймыз", – делінген жаңа хабарламада.

Еске салсақ, биыл 4 мамырда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал оның қарамағындағылар Батыршаев 7 жылға, Өтебеков 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2025808-astana-soty-gulmira-satybaldyga-qatysty-aqparatty-zoqqa-sygaryp-saitty-aldekimderdin-buzganyn-malimdedi/