jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда жас қызды ұрды деген күдікпен ер адам ұсталды (видео)

    Зардап шегуші
    Зардап шегуші. Видеодан кадр: Іnstagram.com//kris_p_brothers

    Алматыда қызды ұрды деген күдікпен ер адам ұсталды. Оқиға Алматыдағы "Тастақ" базарының маңында болды, деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram әлеуметтік желісіндегі Kris_p-brothers парақшасында пайда болды. Автордың айтуынша, ер адам "Тастақ" базарының маңында, Төле би көшесіндегі "Асыл" сауда үйінің маңында қызды ұрып жіберген.

    "Бүгін Төле би 160-та мына адам қызды ұрып жіберіп, ол сал болып қалды. Ол 25 жаста", – делінген видеоның сипаттамасында.

    Кадрда ұсталған ер адам мен медициналық халат киген адамдардың қызға көмектесіп жатқанын көруге болады. Болған оқиғаға Алматы ПД баспасөз қызметі пікір білдірді.

    1985 жылы туған ер адамның ұсталып, одан әрі тергеу үшін Алмалы аудандық полиция басқармасының полиция бөліміне жеткізілгенін NUR.KZ тілшісіне хабарлады.

    "Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі. Сонымен бірге қыздың алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін іс жүргізу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалады", – деп хабарлады ведомстводан.

    Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер бар!

    Алматыда жас қызды ұрды деген күдікпен ер адам ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.