jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыдағы ондаған заңсыз жұмысшы Қазақстаннан шығарылды (видео)

    заңсыз жұмысшылар
    Ер адамдар. Фото: Рolisia.kz

    Алматының көші-қон полициясы оңтүстік астанада "Нелегал" іс-шарасын жүргізуде. Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстаннан қырық шетелдік шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz медиа-порталы.

    Құқық қорғау өкілдерінің айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегі анықталса, оның 281-ін шетел азаматтары жасаған.

    Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Сонымен қатар, жұмыс беруші 9 отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған.

    "ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барысында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

    Алматыдағы ондаған заңсыз жұмысшы Қазақстаннан шығарылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.