jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Оралдағы көпірде коммуналдық қызмет жұмысшысын қағып кетті

    Көлік
    Көлік жүргізіп келе жатқан адам. Көрнекі фото: piqsels.com

    Оралда 76 жастағы қария "УАЗ" көлігімен көше сыпырушыны қағып кетті. Ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Полиция қазіргі уақытта тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

    Телеарнаның мәліметінше, "Жайық таза қала" қызметкерін жұмыс барысында қалалық көпірде қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы орнына келген дәрігерлер қарт адамның қайтыс боланын тіркеген.

    "Жайық таза қала" хабарлауынша, қызметкерлер санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізген. Бір мезетте қызметкерлердің бірін көлік келіп соққан. Ер адам 64 жаста болған. Ол зейнетке шығып қойған. Дегенмен әріптестерінің айтуынша, маман тапшы болғандықтан, ер адамнан жұмыстан кетпеуді сұраған.

    Ал жұмысшыны қаққан көлік жүргізушісі өзінің жолын өзге көлік кесіп, белгіні де, адамды да көрмегенін айтқан. Енді ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    "Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінен.

    Оралдағы көпірде коммуналдық қызмет жұмысшысын қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.