jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты

    Обрез
    Обрез. Фото: Polisia.kz

    Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтықты тапты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

    Ведомствоның хабарлауынша, 19 шілдеде Ақмола облысы бойынша ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бурабай ауданының орман алқабында қонақүйлердің бірінен алыс емес жерде маркасы мен нөмірі жоқ, кесілген бір ұңғылы мылтық, сондай-ақ оған арналған бес оқ-дәрі табылды.

    Қаруға қатысы бар деген күдікке ілінген бір азамат анықталды. Қазір басқа тергеу амалдары жүргізілуде.

    "Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 бабы 2-бөлігіне сәйкес ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

    Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.