jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда 1,3 млрд теңгенің темекісі сақталған жасырын қойма анықталды

    Темекі
    Темекі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 2 миллионнан аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойманы анықтады. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

    Ведомствоның хабарлауынша, тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңгені, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құрайтыны анықталды.

    Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғанына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылған.

    Агенттікте Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны атап өтілді.

    "Қаржылық мониторинг агенттігі ел азаматтарының денсаулығына орны толмас зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыратын болады", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ агенттік өкілі Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын атап өтті.

    Алматыда 1,3 млрд теңгенің темекісі сақталған жасырын қойма анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.