jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Қызғаныштан жанжалдасқан": Алматыда әйелді өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

    Полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Алматыда полицейлер әйелді өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен деп күдіктелуде.

    "Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128 бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

    Полицейлер Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 99 бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын атап өтті.

    "Қызғаныштан жанжалдасқан": Алматыда әйелді өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.