jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қылмыстық қақтығыстарға дайындалған: Ақтауда қару-жарақ арсеналы тәркіленді

    Тәркіленген қару-жарақ
    Тәркіленген қару-жарақ. Кадрдан үзінді: Polisia.kz

    Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады. Алдын ала болжам бойынша ұсталғандар қылмыстық қақтығыстарға дайындалған. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды.

    Ведомствоның хабарлауынша, тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді "UZI" моделінің пулеметі тәркіленді.

    Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 287 бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.

    Полиция департаментінде тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейтіні атап өтілді.

    Қылмыстық қақтығыстарға дайындалған: Ақтауда қару-жарақ арсеналы тәркіленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.