jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жетісудағы лагерьде "параноидты шизофрения" диагнозымен есепте тұрған қызметкер жұмыс істеген

    Балалар лагері
    Балалар лагері. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жетісу облысының прокуратурасы өңірдегі 9 балалар лагерінің қызметіне тексеріс жасап, бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

    Облыстық прокуратураның деректеріне сай, Жетісу облысының прокуратурасы 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізіп, олардың жағдайы заң талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаған.

    "Мысалы Көксу ауданындағы "Қарлығаш" лагерінде балаларға арналған азық-түлік санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай емес, ветеринариялық-санитарлық сараптама және қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған.

    Балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған. Ас мәзірінде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар қарастырылмаған", - делінген хабарламада.

    Одан бөлек лагерьлердің барлығында дерлік өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмағаны әрі өрт сөндіргіштер мен өрт гидранттары секілді алғашқы өрт сөндіру құралдары жоқ екендігі әрі өрт кезінде эвакуациялық жолдардың кедергісіз шығуы қамтамасыз етілмегені анықталған.

    "Кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған. Балалардың лагерьлерде тұруы мен бос уақытын өткізу жағдайы да техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Негізгі (ғимараттар, үйлер) және қосалқы (ас үй, жуынатын бөлмелер және т.б.) лагерь ғимараттары тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді. "Шағала" лагерінде (Алакөл ауданы) ойын-сауықтыру кешендері мүлдем жоқ", - деп мәлім етті ведомство өкілдері.

    Тағы бір айта кететін жайт, Текелі қаласында лагерьлердің бірінде жүйке жүйесінде ауытқуы бар медицна қызметкері жұмыс істегені белгілі болған.

    "Текелі қаласындағы лагерьлердің бірінде "параноидты шизофрения" диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері анықталды. Тексеру іс-шаралары жалғасуда. Барлық анықталған бұзушылық бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады", - делінген хабарламада.

    Жетісудағы лагерьде "параноидты шизофрения" диагнозымен есепте тұрған қызметкер жұмыс істеген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.