jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Атыраулық жасөспірімге ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салынды

    Ұшақ борты
    Ұшақ борты. Көрнекі фото: pixabay.com

    Атыраулық 17 жастағы жасөспірім ұшақ бортында темекі шеккені ата-анасымен бірге әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

    Медиа-порталдың мәліметінше, Air Astana әуе компаниясының “Атырау – Алматы” бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушыны анықтады.

    Басылымның жазуынша, ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында темекі өнімдерін тұтынған Атырау қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты.

    "Аталған құқық бұзушы заңды өкілдерінің қатысуымен ӘҚБтК-тің 441-бабының 1, 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жәсөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді ІІМ өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.