jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Әшекейлерін мойнынан жұлып алған": Алматыда егде әйелдерді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды

    Кісен салу
    Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыда егде жастағы әйелдерді ашық түрде тонады деген күдікпен 27 жастағы ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

    Әуезов аудандық полициясының мәліметінше, 27 жастағы Б. есімді күдікті тек қана егде жастағы әйелдерді тонап келген.

    "Ол егде жастағы әйел адамдардың әшекей бұйымдарын ашық түрде тартып алып, із жасырып жүрген. Күдікті қамауға алынды. Тергеудің бастапқы кезеңінде осы іспеттес 12 қылмыс жасағаны белгілі болды. Басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр. Қолды қылған әшекей бұйымдарды ол қала базарларының бірінде саудалап үлгерген. Қазіргі таңда, ұрланған мүлікті сатып алған тұлғалар іздестіріліп жатыр. Олар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады", деді Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

    Полиция өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін, Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін мәлімдеді.

    "Әшекейлерін мойнынан жұлып алған": Алматыда егде әйелдерді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.