jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап, өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

    Судья үкім оқып тұр
    Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шымкенттегі тергеу изоляторында өткен көшпелі сот отырысында Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап, өлтіру оқиғасы бойынша сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сот мәліметінше, айыпталушы кінәлі деп танылып, химиялық кастрациямен қоса өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ одан 100 миллион теңге моральдық шығын өндірілетіні хабарланды.

    Еске салайық, 13 шілде күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны полицияға 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінген еді. Жедел-іздестіру шараларының барысында қыз баланың денесі ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылған болатын.

    Аталған дерек Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша тіркеліп, сараптама тағайындалды.

    Кейін бұл оқиға туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та хабардар болып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қайғылы жайттың мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

    Сондай-ақ бұл оқиға бойынша Бас прокуратура мәлімдеме жасап, іс бақылауға алынғанын хабарлады.

    Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап, өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram