jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылордалық әйел туған қызының нәрестесін сатпақ болғаны үшін күдікке ілінді

    нәресте
    Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

    Қызылорда қаласында әйел кәмелеттік жасқа толмаған қызының нәрестесін сатуға әрекет жасаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Қазақпарат.

    Бұл жөнінде әлеуметтік желіде жарияланды. Онда анасы кәмелеттік жасқа толмаған қызының өмірге алып келген нәрестесін сатуға әрекеттенгені айтылған. Жасөспірім қыз кафелердің бірінде даяшы болып еңбек еткен.

    Қызылорда облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растады. Ол жөнінде төмендегіше түсініктеме берді.

    "Осы жылдың 7 қыркүйегінде тіркелген дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандар саудасы дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді", - деп жазылған департамент хабарламасында.

    Оқиғаға байланысты облыстық білім басқармасы түсініктеме беріп, бақылауға алынғанын жеткізді.

    "Оқиға тіркелген уақыттан бастап білім бөлімінің қамқоршылық қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын орган мамандары бақылауға алды. Оған қатысты тиісті шаралар атқарылды. Бүгінгі таңда сәби кәмелетке толмаған анасының қолында екендігін жеткіземіз", - деді облыстық білім басқармасынан.

    Қызылордалық әйел туған қызының нәрестесін сатпақ болғаны үшін күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.