jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    СҚО-да әкесімен бірге аңға шыққан бала өз аяғын атып алған

    мылтық
    Мылтық. Көрнекі фото: pixabay.com

    СҚО-да әкесімен бірге аңға шыққан бала өз аяғын атып алған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Асылбек Ыдырысовтың айтуынша, 2 қыркүйектен бастап республика аумағында күзгі аңшылық кезеңі басталған.

    "Осыған байланысты аңшыларды аң аулау және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын сақтауға шақырамыз. Бүгінгі күні аң аулау кезінде бұндай фактілер өкінішке орай орын алып отыр. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында әкесі баласымен аңға шыққан. Ол баласына қару берген. Баласы қаруды ұстау ыңғайын білмей өзінің аяғын атып алған", - дейді басқарма бастығы министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

    Оның сөзінше, уәкілетті қорықшы қызметі аң аулау кезеңінде бақылауды күшейту бойынша бірқатар іс-шара қабылдап жатыр.

    "Өз кезегінде ішкі істер органдары табиғатты қорғау органдарына рейдттік іс-шараларды өткізуге көмек көрсетеді", - дейді Асылбек Ыдырысов.

    СҚО-да әкесімен бірге аңға шыққан бала өз аяғын атып алған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.