jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның оңтүстігінде ішінде адам денсаулығына қауіпті заттар жатқан сөмке табылды

    Сөмкеден табылған қару-жарақтар
    Сөмкеден табылған қару-жарақтар. Фото: polisia.kz

    Жамбыл облысында темір жол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан оқ-дәрі салынған сөмке табылды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

    Порталдың мәліметінше, Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау кезінде Шу қаласының темір жол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан белгісіз сөмке тапқан.

    Сөмкеден мынадай тыйым салынған заттар мен қару-жарақтар табылған:

    • 12 калибрлі ИЖ екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық;
    • 12 калибрлі ТОЗ-63 кесілген қос ұңғылы мылтық;
    • жарық шу гранатасы;
    • 91 түрлі калибрлі патрон;
    • 1 жұп тізе таңғыш және дене сауытының қабы.

    "Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және сараптама тағайындалды", – деді полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

    Қазақстанның оңтүстігінде ішінде адам денсаулығына қауіпті заттар жатқан сөмке табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.