jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында балабақшаның бас есепшісі мүгедек баласын емдету үшін бюджет қаржысын жымқырған

    Балабақша
    Балабақша . Көрнекі фото: Pixabay.com

    Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында балабақшаның бас есепшісі мүгедек баласын емдету үшін бюджет қаржысын жымқырған. Әйел екі жыл ішінде 24 млн теңгеден астам теңгені өзінің жеке есепшоттарына аударып үлгерген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Арна мәліметінше, бас есепшінің қызы туғаннан аутизмнің ауыр түріне шалдыққан, яғни I топтағы мүгедек. Әйел кінәсін мойындап, жымқырылған ақшаны баласының емі мен бұрын алынған қарыз, несиелерін жабуға жұмсағанын айтқан.

    Арна мәліметінше, күдікті 6 жылға сотталды. Жазасын баласы 11 жасқа толған соң өтейді. Мұнымен қоса ол 24 млн теңгені мемлекетке қайтаруы тиіс.

    "Тергеу барысында бас есепші 2021-2022 жылдар аралығында бюджет қаржысын жалақы және еңбек демалысының ақысы ретінде негізсіз өзінің карталары мен есепшоттарына аударып отырған. Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық сотының шешімімен бас есепші кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды. Жазасын ол қылмыстық кодекстің 74-інші бабына сәйкес 5 жылдан кейін өтейді", - деді облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер бойынша жедел уәкілі Зарина Құсманова.

    Қарағанды облысында балабақшаның бас есепшісі мүгедек баласын емдету үшін бюджет қаржысын жымқырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.