jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте 43 жезөкше ұсталды

    Полицей
    Полицей мен қыздар. Фото: polisia.kz

    Шымкентте жеңіл жүрісті 43 қыз тіркеуге алынды. Олар "Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында.

    ЖПІШ аясында тәртіп сақшылары жалға алынған пәтерлерді, сауналарды, монша кешендерін, ойын-сауық орындары мен қонақүйлерді тексереді.

    Екі күндік жұмыс барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсынудың 8 фактісін анықтады.

    Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-а ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша 48 адам жазаға тартылып, жезөкшелікпен айналысқан 43 жезөкше есепке алынған.

    Полицей
    Полицей мен қыздар. Фото: polisia.kz

    Айта кетсек, ӘҚБтК-нің 450-бабына сәйкес, көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну – қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – жүз айлық есептік көрсеткіш (345 мың теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу (517 500 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз (1 млн 35 мың.теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш (3 млн 450 мың. теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Ал ӘҚБтК-нің 449-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру - жеке тұлғаларға ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (17 250 теңге).

    Шымкентте 43 жезөкше ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.