jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуі табылды

    Полицей
    Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Жетісу облысының полиция қызметкерлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуін тапты. Бұл туралы Polisia kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

    Медиа-порталдың мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуінің орналасқан жерін анықтады.

    "Полицейлер мен туыстары 8 қыркүйектен бастап іздеп жүрген кәмелетке толмаған бала Алматы қаласынан табылды.

    Полиция жасөспірімді үйге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Баланың анасы полиция қызметкерлеріне оны іздестіруге жәрдемдесіп, өз үйіне аман-есен оралғаны үшін алғысын білдірді", - делінген хабарламада.

    Басылымның жазуынша, хабар-ошарсыз кеткен тағы екі жасөспірімге қатысты іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр.

    Кәмелетке толмағандарды іздестіруді облыстық полиция департаменті мен Қаратал аудандық полициясының жедел қызметкерлері жалғастырып жатыр.

    Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.