jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада ұшаққа "мина қойылды": полиция шетелдік азаматты ұстады (видео)

    Астана әуежайы
    Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Көлік полицейлері елордада халықаралық рейс ұшағына мина қойылды деп жалған ақпарат берген шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.

    Ведомство мәліметінше, полицияға белгісіз біреуден Астана – Санкт-Петербург бағытындағы әуе рейсі миналанған деген хабар келіп түсті.

    ІІМ хабарлама бойынша дереу бортқа тексеру жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш заттар табылмаған.

    Көлік полицейлері 1987 жылы туған көрші елдерден келген шетел азаматты ұстады.

    "Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті істеген ісін мойындады. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу мүддесіне орай өзге де мәліметтер жария етілмейді", - деді көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.