jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жетісу облысында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің денесі табылған. Полиция 63 жастағы зейнеткер ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.

    Ведомство мәліметінше, бұл факт Кербұлақ ауданында тіркелді.

    Полиция 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің денесі табылғанын мәлімдеді.

    Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

    "Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған", - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясынан.

    ІІМ мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Полиция қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.