jitsu gif
Оқыс оқиға

    Намаз кезінде балаға қол көтерді: ҚМДБ имамды жұмыстан шығарды

    Балаға қол көтерді
    Балаға қол көтерді Видеодан кадр: Instagram/kris.p.karasai

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы мешітте болған оқиғаға түсініктеме берді. Намаз кезінде балаға қол көтерген имам жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Келеңсіз оқиғадан кейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік қызметкерлері, Шелек ауылының тұрғындары, дін қызметкерлері, мешіт жамағаты және баланың ата-анасының қатысуымен арнайы кездесу өткен.

    Оның барысында "Хидаят" мешітінің имамы өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келді.

    Дегенмен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарып, өрескел әрекетке жол берген дін қызметкеріне шара қолданды. Бас мүфтидің бұйрығымен "Хидаят" мешітінің имамы жұмыстан шығарылды.

    "Алдағы уақытта осындай келеңсіз оқиғалар орын алмас үшін, өзге имамдармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.