jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деп күдікке ілінген 40 жастағы ер адам ұсталды

    қыз бала
    Кішкентай қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деп күдікке ілінген 40 жастағы ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы облыстық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында.

    Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу барысында күдіктінің қыздың әпкесін де зорлауға қатысы бар екені анықталған.

    "Күдіктінің әйелі де қамауға алынды. Сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген хабарламада.

    Ведомство істі тергеу облыстық Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

    ПД Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесін сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайтыны мәлімдеді.

    Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деп күдікке ілінген 40 жастағы ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.